Зейнет реформасына наразылар президентке хат жолдады

Фотография - Зейнет реформасына наразылар президентке хат жолдады

. Хатта коммуналдық тарифтердің өсуі мен жүктілікке қатысты төлемдердің қысқаруына да байланысты алаңдаушылық жазылған.

135 0

16 мамыр күні бір топ атыраулық белсенді әйелдердің зейнеткерлік жасын ұзарту қарастырылған заң жобасына қатысты наразылық танытып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады. Хатта коммуналдық тарифтердің өсуі мен жүктілікке қатысты төлемдердің қысқаруына да байланысты алаңдаушылық жазылған.

Атыраудағы "ҚазПоштаның" орталық бөлімшесіне келген қоғамдық белсенділердің бірі Серік Өтепқалиев:

- 1 200 адам қол қойды, қол қою әлі жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді Серік Өтепқалиев.

Президент Назарбаевтың атына жолданған хатқа қол қоюға келгендердің бірі 29 жастағы Берікқали Сапақов:

- Әйелдердің жасын ұзартуға қарсымын. Себебі менің анам 60-қа жетпей көз жұмды. Атыраудағы экологиямен әйелдердің 63 жасқа дейін өмір сүре алатына күмәндімін, - деді.

"Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын 16 мамыр күні сенат мақұлдаған еді. Заң жобасында біртұтас жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту қарастырылған.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!