Қазақстандағы ең жемқор орган

Фотография - Қазақстандағы ең жемқор орган

«Қара тізімді» сәйкесінше ретпен полицейлер, салық қызметі, санитарлық дәрігерлер бастады. Жыл басынан бері басқа мекемелерге қарағанда осы саланың қызметкерлері парамен ең көп ұсталған.

222 0

«Қара тізімді» сәйкесінше ретпен полицейлер, салық қызметі, санитарлық дәрігерлер бастады. Жыл басынан бері басқа мекемелерге қарағанда осы саланың қызметкерлері парамен ең көп ұсталған. Қаржы полициясының басшысы Рәшид Түсіпбеков бұл жайтты қарапайым тілмен – аталған ведомстваларға бақылау-қадағалау функциялары берілгендіктен деп түсіндіреді.

2013 жылы қаржы полициясының мемлекеттік органдарда 100-ден астам жемқорды қолға түсірген. Бүгінде сыбайластық қылмысқа белшесінен батқан аймақ та анықталып отыр. Бұл «біріншілікте» «дәстүр бойынша» Оңтүстік Қазақстан облысы аламанның алдын бермей келеді, одан кейін Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары құйрық тістесіп келеді. Тергеушілердің есебінше, парақорлардың кесірінен ел қазынасы үш миллиард теңге зардап шегіп отыр!

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!