Қазақстанның жол полициясы жыл соңына дейiн реформаланады

Фотография - Қазақстанның жол полициясы жыл соңына дейiн реформаланады

Бұл туралы ҚР Президенті Әкiмшiлiгiнiң құқық қорғау жүйесi бөлiмiнiң бастығы Алик Шпекбаев мәлімдеді

119 0

Қазақстанның жол полициясы жыл соңына дейiн реформаланатын болады. Бұл туралы бүгiн «Қазақстанның құқық қорғау органдарын жетiлдiру: негiзгi мәселелерi мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция барысында ҚР Президенті Әкiмшiлiгiнiң құқық қорғау жүйесi бөлiмiнiң бастығы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

«Жол полициясы бөлiмшелерiнiң қызметi реформаланады. Бұл мәселе уақыт еншiсiнде. Жалпы алғанда, оны күрделi реформалау бойынша ұсыныстар мақұлданған. Жыл соңына дейiн енгiзiлетiн жаңашылдықтардан құлағдар боласыздар деп ойлаймын», - дедi А.Шпекбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!