Қазақстанда 10 жылда бекіре тұқымдас балық саны 46 есе азайған

Фотография - Қазақстанда 10 жылда бекіре тұқымдас балық саны 46 есе азайған

Қазірде балық қоры, әсіресе, бекіре тұқымдас балық қорына қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр

264 0

Қазақстанда 10 жылда бекіре тұқымдас балық саны 46 есе азайған. Бұл жөнінде балық шаруашылығы саласындағы браконьерлікке қарсы әрекет ету мақсатында құрылған «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау бекетінің жұмысы сөз болған брифингте Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков мәлімдеді.

«Қазірде балық қоры, әсіресе, бекіре тұқымдас балық қорына қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Тек соңғы он жылда балық саны 2002 жылғы 61 миллоннан 2012 жылы 1,3 миллионға дейін азайды. Осылайша осы уақыт аралығында Қазақстанда бекіре тұқымдас балық саны 46 есеге азайған», - деп атап өтті Боран Рақымбеков.

Оның айтуынша, балықтың бағалы тұқымдарын сақтау бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау жалғасып келеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!