Қазақстандағы ең бай адам қызметінен босады

Фотография - Қазақстандағы ең бай адам қызметінен босады

Қазақстандағы ең бай адам, «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким орнынан кетті.

513 0

Қазақстандағы ең бай адам, «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким орнынан кетті. Қызметтен кеткісі келетіндігін "Форбстың" мәліметінше, 3 миллиард доллары бар қазақстандық олигарх бір жыл бұрын ашып айтқан болатын.

Компанияның наурыздың 1-де таратқан ресми ақпаратына сәйкес, Кимнің орнына төрағалыққа «Қазақмыстың» атқарушы емес директоры Саймон Хил келеді. Оның кандидатурасын бір ауыздан қолдап та қойыпты.

Алайда, Владимир Кимнің өзі «Kazakhmys Plc»-дің атқарушы емес директоры лауазымын, және де 27,9 пайыз акциясын иеленіп қала бермек. Өзі, жақын арада бұл қызметін тастамайтынын, акцияларын сатпайтынын да жеткізді. «Қазақмыста» еңбек еткен 20 жылдың ішінде компания құнды қағаздары Лондон, Гонконг, Қазақ қор биржаларына шығып, компанияға қаржы құйылды, және де ірі жобалар іске асырыла бастады. Және де, бұл компанияға тәуелсіз адамның басшылық ететін уақыты да келіп жетті,- дейді Ким. 2012 жылы компанияның таза табысы 6 пайызға азайып, 3 миллиард 353 миллион долларды құрады.


Тегтер:

машкевич

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!