» корпусына кандидаттардың 32 пайызы тестілеуден сүрінді

Фотография - » корпусына кандидаттардың 32 пайызы тестілеуден сүрінді

17 мамырда 148 кандидаттың 100-і тестілеуді табысты тапсырды.

657 0

17 мамырда 148 кандидаттың 100-і тестілеуді табысты тапсырды.

 

  Ал Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тест сұрақтарының шекті деңгейінен 48 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 32 пайызы сүрінді. Тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

 

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу 2013 жылдың 27 мамырына дейін созылады. Тестілеу кестесі, номативтік-құқықтық актілер тізбесі, сондай-ақ "А" корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кандидаттар он Қазақстан Республикасының заңын білуі бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!