Елорда сотында мемлекеттік тілге мән беріледі

Фотография - Елорда сотында мемлекеттік тілге мән беріледі

Астана қалалық сотының құжат айналымына  2012 жылы 35623 құжат келіп түссе, оның  22537-сі, яғни 63,3 пайызы  мемлекеттік тілде болды.

192 0

Астана қалалық сотының құжат айналымына  2012 жылы 35623 құжат келіп түссе, оның  22537-сі, яғни 63,3 пайызы  мемлекеттік тілде болды.

astana.kz сайтының хабарлауынша, бұл туралы елорда соттарының жұмыс қорытындысы  бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Астана қаласы сотының  төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлім еткен.

«Сот басқа да құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер сияқты жеке және заңды тұлғалар   талап-арызды  қай тілде берсе, сот  істерін  де  сол тілде қарайды. Оған біздің  толық мүмкіндігіміз бар. Қазіргі  бізде қызмет ететін 130 судьяның жартысынан астамы, яғни 60 пайызға жуығы екі тілді, мемлекеттік және орыс тілдерін бірдей біледі. Сондықтан істі екі тілде де өндіріске қабылдап, қарауға  толық мүмкіндігі  бар», - деді төраға.

«Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаевтың өткен жылғы халыққа  арнаған Жолдауындағы мемлекеттік тілге қатысты  алға қойған міндеттерді   жүзеге асыру мақсатында,   2013 жылы да мемлекеттік тілді дамытуға қатысты бірқатар жұмыстар  атқаруды жоспарлап отырмыз», - деді . С.Абдуллаев.

 


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!