Қазақстанда азаматтық авиация саласында білікті инспекторлар қалған жоқ

Фотография - Қазақстанда азаматтық авиация саласында білікті инспекторлар қалған жоқ

Қазақстанда азаматтық авиация саласында білікті инспекторлар қалған жоқ деп айтуға болады.

156 0

Қазақстанда азаматтық авиация саласында білікті инспекторлар қалған жоқ деп айтуға болады.

Бұл туралы КТК телеарнасындағы «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Біз қазір авиациялық заңнаманы қайта қараудамыз және Азаматтық авиация комитетінің қадағалаушылық қызметін күшейтудеміз.

Бүгінгі таңда жеткілікті білімі бар инспекторлар қалған жоқ деп те айтуға болады, олардың саны қатты қысқарған. Сондықтан да біз қазіргі уақытта барынша білікті мамандар тарту үшін инспекторлар санын арттырудамыз. Біз лауазымдық жалақыларына қосымша үстемеақы қарастырудамыз», деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Азаматтық авиация академиясында білікті мамандар дайындау үшін қажетті жағдайлар жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде.  Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде азаматтық авиация мамандарын дайындау да қолға алынды


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!