Қаржы полициясы Білім және ғылым вице-министрін ұстады

Фотография - Қаржы полициясы Білім және ғылым вице-министрін ұстады

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті ұстады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

166 0

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті ұстады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

«2013 жылдың 29 сәуірінде қаржы полициясы агенттігі Өскемендегі 700 орындық білім мекемесін салу кезінде 1,5 миллиард теңгенің қолды болуы мен талан-таражға ұшырауы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 14 мамыр күні аталған қылмысқы қатысы бар деген күдікпен Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен «ҚР Білім және ғылым нысандары құрылысы дирекциясы» ЖШС директоры Пак ұсталды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Агенттік мәліметіне қарағанда Шаяхметов сот санкциясымен 17 мамыр күні үйқамаққа алынған. Пак қамалған.

«Бұған дейін аталған қылмыстық іс бойынша «ЗАК Сервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Кереев тұтқындалған. Қылмыстық іс тексерілуде, басқа ақпараттар тергеу мүддесіне сай таратылмайды», - дейді қаржы полициясы агенттігі.

Қамбар АХМЕТОВ


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!