Н.Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесін өткізеді

Фотография - Н.Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесін өткізеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

110 0

21-22 мамыр күндері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Өздеріңіз білетіндей, келесі апта Астана экономикалық форумы мен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткізумен өтеді. ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21-22 мамыр күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына төрағалық етеді», - деді А.Әбибуллаев.

Оның айтуынша, 26-шы отырыстың басты назарында инвестициялық технологияларды дамыту мәселелері, Қазақстандағы қазіргі инвестициялық ахуал талқыланады. Мемлекет басшысы сондай-ақ шетелдік инвесторлардың кезекті отырысына келген бірқатар тараптармен екіжақты кездесулер өткізетіндігі белгілі болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!