«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Евразиялық банкі ынтымақтастықты кеңейтеді

Фотография - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Евразиялық банкі ынтымақтастықты кеңейтеді

Бүгін Евразиялық банкі басқармасының төрағасы Майкл Эгллтон мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасының төрағасы Ляззат Ибрагимова кіші және орта бизнесті колдау ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.  Құжатқа сәйкес, Қор және Қаржы институты қор бағдарламаларын іске асыру көлемінде ынтымақтастық түрлерін кеңейтеді. Банкпен ынтымқтастық мемлекеттік  жеке кәсіпкерлік ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі деп есептейді «Даму».

391 0

Бүгін Евразиялық банкі басқармасының төрағасы Майкл Эгллтон мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасының төрағасы Ляззат Ибрагимова кіші және орта бизнесті колдау ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.  Құжатқа сәйкес, Қор және Қаржы институты қор бағдарламаларын іске асыру көлемінде ынтымақтастық түрлерін кеңейтеді. Банкпен ынтымқтастық мемлекеттік  жеке кәсіпкерлік ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі деп есептейді «Даму».

«Даму» қорының қаражаттық демеуі пайдалы, кәсіпкерлер банктен жылдық пайызы 7%  және одан да төмен кредит алады», - деп хабарлады «Даму» басқармасының төрағасы Ляззат Ибрагимова. «Біз бағдарламаларымызды жүзеге асырып жүрген екінші деңгейдегі банктердің бастамаларын құптаймыз.  Мысалы, 2013 жылы Евразиялық банкімен бірге Жамбыл облысындағы таксопаркті қайта жөндеуге қаражат берілді. Жеңілдетілген қарызды «Вояж» транспорттық компаниясы алды».

Кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігі өтімді кепілдіктерге теңеледі. Банктер кепілдіктердін көрсеткіштерін жақсартса, клиенттер арзан кредит арқасында өз бизнесін ілгері дамытуға мүмкіндік алады.


Ынтымақтастықтық жасалғаннаң бері Банк Қордан әйелдер кәсіпкерлігін, шағын қалаларды қолдауға, Жанаөзендегі КОБ дамуына және тағы басқа бағдарламалар қолдауына 37 000 млн. теңгеден артық қаражат алды. Кәсіпкерлерді қамтуы мен сапалы қызмет көрсеткендері үшін Астана, Тараз қалаларындағы филиалдар «Даму» КЖҚ-ның құрмет грамоталарымен марапатталды. Банк Қордың бағдарламалары бойынша 2448 клиентке жалпы соммасы 69 049 млн.теңге қаражат берді. Қазір «Дамудың» жаңа бағдарламасы банкирлердің қызығушылығын туғызуда: 2013 жылдан «Даму» қоры салалық шектеусіз жиырма шағын қала кредитін қаражаттандыру жобасымен жұмыс істеуде. Қаражаттандыру көлемі 10%. Кәсіпкерлер үшін мұндай кредиттердің сыйакысының жылдық көлемі- небәрі 4%.

«Даму» қоры мен Евразиялық банкін шағын және орта бизнесті қолдаудағы бірлескен табысты жылдар байланыстырады. Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою  біздің компаниялардың әрекеттестік түрлерін кеңейтеді.  Евразиялық банкі соңғы жылы аймақтарға шығуын арттырды. Жаңа пішімді 50 бөлімше ашылды, жыл аяғына дейін тағы  ашылмақ.  Аймақтық кәсіпкерлермен жұмыстың әлеует – мүмкіндігі мол», -  деді Евразиялық банкі басқармасының төрағасы Майкл Эглттон.

Меморандумға қол қою «Колобок и Ко» ЖШС заводындағы пресс-тур кезінде өтті. Журналистерге теңіз балдырынан альгин өндіру технологиясы көрсетілді. Өнім йод жетімсіздігі бар аумақтар үшін мінсіз өнім ретінде табылады және Кедендік Одақ елдеріне табысты экспортталуда. Мемлекет пен бизнес серіктестігі тарихы 2009 жылы басталды: компания айналым құралын толықтыру мен өндірісті жаңарта жетілдіруге кредит алып, «Даму» қорының түрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болды.  Кейін завод Евразиялық банкінде ағымдағы кредиттік міндеттемелерін қайта қаражаттандыруды іске асырды.

2012  жылы компания  «Даму» КДҚ» АҚ және «Евразиялық банкі»  АҚ қолдаумен банкідегі өзіндік жобасын ұсынып, Алматы әкімшілігінің Аймақтық үйлестіру кеңесінде бірінші  «Бизнес бастаманы қолдау» БЖК-2020-ға кредит линиясының сыйақысы мөлшерін қаржылай демеу  арқылы қатысуға келісім алды.

«Кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары дамуға ынталандырады», -  деп атап көрсетті «Колобок и Ко» ЖШС директоры Наталья Сладкова. «2010 – 2012 жылдары кәсіпорындағы жұмыс орны 25-тен 35 адамға өсті, ал 2011 жылғы өндірілген өнім 10%-ке артса,  2012 жылы 12% болды. Экспорттық өнімі 2011  жылы жалпы өндірілген өнімнің 30%-ін, ал 2012 жылы 24%-ін құрады».

Жаттық демеу туралы ақпаратты, қажетті құжаттар тізбесін «Даму» КДҚ кәсіпкерлікті қолдау (орталықтарынан және Евразиялық банкі бөлімшелерінен алуға болады.

---

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры - даму институты, 100%  акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ-на тиесілік. «Даму» қорының мақсаты - қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде шағын және орта кәсіпкерлікті сапалы дамуына жәрдемдесу.

«Евразиялық банкі» АҚ  -  барлық сегментегі клиенттерге өнім мен қызмет ұсынушы әмбебат банк. 199 жылы құрылған Банктің Қазақстан бойынша 20 филиалы және 120 бөлімшелері жұмыс істейді. 01.04.2013-дегі жағдай бойынша Банк активтерінің көлемі 479,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 18,4%-ға артты. Ресейде (Мәскеу қ,) еншілес банкі бар.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!