Дариға Назарбаева тойға дайындалмақ

Фотография - Дариға Назарбаева тойға дайындалмақ

Бұл жайында ол Астана телеарнасының тілшілерімен болған әңгіме барысында мәлімдеген болатын.

425 0

Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның үйлену тойына дайындалуды енді бастайды. Бұл жайында ол Астана телеарнасының тілшілерімен болған әңгіме барысында мәлімдеген болатын.

«Міне, жақында дайындыққа кірісемін. Біздің бұл іс-шараларды өте қысқа ғана уақытта ұйымдастырып жіберуге барлық мүмкіндіктеріміз бар. Үлкен ұлымды үйлендіріп мол тәжірибе жинағанмын. Оның үстіне, тойды жылдам әрі жақсы өткізе алатын менің достарым мен құрбыларым бар» деді ол.

Айсұлтан – Дариға Назарбаеваның кіші ұлы. Оның сондай-ақ, Нұрәли және Венера есімді үлкен ұлы мен қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Айсұлтан Назарбаевтың үйленетіндігі жайындағы ақпарат 14 мамыр күні белгілі болған еді. Отбасы достарының айтуынша, бүгінгі таңда жігіт жағы қалыңдықтың үйіне құда түсіп барып қойған. Ал, ресми емес дереккөздер Айсұлтанның таңдауы түскен бойжеткен 20 жастағы Алима Боранбаева екендігін де жариялап үлгерді. Ол «КазРосГаз» компаниясының бас директоры Қайрат Боранбаевтің қызы.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!