Республикалық маңызы бар жолдардың 21 пайызының сапасы нашар

Фотография - Республикалық маңызы бар жолдардың 21 пайызының сапасы нашар

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

129 0

Республикалық маңызы бар жолдардың 21 пайызының сапасы сын көтермейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Қазақстандағы жолдардың қазіргі жағдайы былайша сипатталады: қазір республикалық желі бойынша 23,5 мың шақырым жол бар. Оның 79 пайызының сапасы қанағаттанарлық, қалған 21 пайызының сапасы нашар. Елді мекендер деңгейіндегі жолдардың жағдайы бұдан да жаман. Жергілікті деңгейдегі жолдардың 37 пайызының сапасы қанағаттанарлық емес, қалғанының сапасы жақсы», - деді министр Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!