Шілдеде үш автожолға жөндеу жүргізу басталады

Фотография - Шілдеде үш автожолға жөндеу жүргізу басталады

Қазақстанда шілде айында республикалық маңыздағы үш автокөлік жолына күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

220 0

 Қазақстанда шілде айында республикалық маңыздағы үш автокөлік жолына күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

«Шілде айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Батыс, Орталық-Шығыс бағыттарындағы автожол жөнделеді. Атап айтқанда Астана-Павлодар, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай»,– деп мәлімдеді ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев.

Бұдан басқа, оның айтуынша, Орталық-Шығыс бағытындағы Қалбақтау-Сібір, Орталық-Батыс бағытындағы Бейнеу-Шетпе автожолдарының жөндеулері жалғастырылады. Бүгінгі күнге дейін Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасы бойынша 915 шақырым жол салынды, ал 806 шақырымы осы жылдың соңына дейін ашылып бітпек.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!