Шаяхметовтің айыбын сот анықтайды

Фотография - Шаяхметовтің айыбын сот анықтайды

Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді.

143 0

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің қандай айыбы бар екенін сот шешетін болады. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді.

«Барлық ақпарат министрліктің сайтында жарияланды. Ендігі ретте соттың әділ шешімін күтеміз. Мамырдың 8-інде ол вице-министр лауазымынан босатылып, басқа жұмысқа ауысқан болатын. Бірақ қандай жұмысқа ауысқанын білмеймін. Бізде бақылау қажетті деңгейде жүргізіледі. Шаяхметовтың кінәсін сот анықтайтын болады»,-деді вице-министр Әбенов.

Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Білім және ғылым вице-министрі Шаяхметов мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікпен ұсталды" деген ақпарат таратқан еді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!