Хылықпен бірге

Фотография - Хылықпен бірге

Жеке үлгісімен және бағындырған биіктерімен Отанға деген сүйіспеншіліктері мен шын берілгендігін паш еткен Жамбыл облысы тұрғындарының қатарына Қарулы Күштердің офицері – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бірінің командирі полковник Алексей Қалижанов енді

112 0

Жеке үлгісімен және бағындырған биіктерімен Отанға деген сүйіспеншіліктері мен шын берілгендігін паш еткен Жамбыл облысы тұрғындарының қатарына Қарулы Күштердің офицері – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бірінің командирі полковник Алексей Қалижанов енді. Бұл Тараз қаласында өткен «Елімнің тағдыры –менің тағдырым!» атты патриоттар форумының шеңберінде жарияланды.

Түрлі номинацияларда дәрігерлер мен мұғалімдер, спортшылар мен жұмысшылар, кәсіпкерлер наградталды. Қарулы Күштердің өкілі «Сүйем сені, менің Қазақстаным» атты номинацияда лайықтылардың қатарына енді. Полковник Қалижанов взвод командирлігіне Қазақстан Қарулы Күштерінің ең үздік бригадасының командиріне дейінгі жолды жүріп өтті. Наградаларды табыс ету рәсімінде осы офицердің басқаруымен оған сеніп тапсырылған жеке құрам «Өзара іс-қимыл-2009», «Бейбіт миссия-2010» командалық-штабтық оқу-жаттығуларында өздерін үздік танытып, қазіргі уақытта Отанымыздың игілігі үшін өз жауынгерлік әзірліктерін нығайтуды жалғастыруда деп атап өтілді.

Номинантқа сыйлық табыс еткен запастағы генерал-майор Әлихан Жарболов барша іс-шараның Елбасымыздың Қазақстанды қуатты  әрі гүлденген ел ету тек нағыз патриоттың қолынан келеді деген сөздерімен үйлесім тапқанын атап өтті.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!