Назарбаев Еуропа авиация саласы басшыларымен кездесті

Фотография - Назарбаев Еуропа авиация саласы басшыларымен кездесті

Ертең, 22 мамырда Астанада шетел инвесторлары кеңесінің жиыны өтеді.

229 0


Сейсенбіде президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның ғарыш және авиация саласындағы бірқатар компаниялары басшыларымен кездесті.

Президент Еуропа Аэроғарыш және қорғаныс концернінің (EADS) президенті Томас Эндерс, концерннің халықаралық байланыстар бойынша бас атқарушы директоры Жан-Пьер Таламони, "Эйрбас" компаниясының атқарушы директоры Джон Лихи және "EADS Қазақстан" компаниясының атқарушы директоры Сильвер Дэлонмен кездескен.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұл компаниялармен аэроғарыш саласындағы ынтымақтастығы "жақсы дамып келе жатқанын" айтқан.

Ал компаниялар басшылары қазақстандық әріптестерімен "өзара табысты жұмыс істеп жатқанын" білдірген.

EADS - аэро ғарыш саласындағы ірі корпорация. Ал "Эйрбас" компаниясы жолаушы, жүк тасымалдайтын және әскери ұшақтар жасаумен айналысады.

Ертең, 22 мамырда Астанада шетел инвесторлары кеңесінің жиыны өтеді.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!