Челахқа қатысты кассациялық шағым қайта берілді

Фотография - Челахқа қатысты кассациялық шағым қайта берілді

14 жылға сотталған Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов үкімге қарсы кассациялық шағымын түзетіп, бүгін екінші рет берді деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

154 0

14 жылға сотталған Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов үкімге қарсы кассациялық шағымын түзетіп, бүгін екінші рет берді деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Сәрсенов алғашқы кассациялық шағымды 26 сәуірде берген. Бірақ оны мамандандырылған ауданаралық сот мәтінде "Құраннан үзінділер келтірілген" деп кері қайтарған. Адвокат бұдан соң шағым мәтінінен ол үзінділерді алып тастап, қайта өткізіп отыр.

2012 жылы мамырдың 30-ы күні Арқанкерген шекара заставасы толығымен өртеніп, 14 шекарашы мен бір қорықшы – барлығы 15 адамның мәйіті табылған еді. Бұл қылмысқа қатысты тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах айыпты деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!