Қазақстан порнографияға қарсы конвенцияны бекітті

Фотография - Қазақстан порнографияға қарсы конвенцияны бекітті

Бұл заңды Қазақстан парламенті сенаты 2013 жылы 25 сәуірде мақұлдаған еді

146 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Бұл заңды Қазақстан парламенті сенаты 2013 жылы 25 сәуірде мақұлдаған еді. Қазақстан заңдарында порнография деп жыныс мүшелері мен жыныстық қатынастың анайы, ұятты түрде көрсетілуін немесе бейнеленуін атайды. Сексуалды-эротикалық сипаты бар заттар мен өнімдерді БАҚ-та жариялауға тыйым салынған.

Конвенция 1923 жылы 12 қыркүйекте Женева қаласында қабылданған. Оны мақұлдаған мемлекеттер порнографиялық материалдарды сату, тарату және жарияға шығару үшін оларды тасымалдау, айналымға түсіру, жарнамалау, өндіру, сақтау, әзірлеуді жазалау шараларын бекітті.

Конвенцияда порнографиялық суреттерді, гравюраларды, картиналарды, баспа өнімдерін, бейнелерді, афишаларды, эмблемаларды, фотографияларды, кинематографиялық фильмдерді, басқа да заттарды сатуға, таратуға, жариялауға, тасымалдауға, жарнамалауға, өндіруге, сақтауға тыйым салынған. Бұл тыйымдарды бұзған тұлғаларды сотқа тарту жөнінде айтылған. Порнографиялық заттарды тұтқындау, тәркілеу және жою қарастырылған.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!