Қазақстанда аборт жасатуға тыйым салынуы мүмкін

Фотография - Қазақстанда аборт жасатуға тыйым салынуы мүмкін

 Жекеменшік клиникаларда түсік жасауға тыйым салу керек! Мәжіліс депутаттары бүгін Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныспен шықты.

206 0

 Жекеменшік клиникаларда түсік жасауға тыйым салу керек! Мәжіліс депутаттары бүгін Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныспен шықты.

Түсік жасату демографияға кері әсер етуде деген халық қалаулылары еліміздегі барлық жеке клиникаларды тексеру керек деп отыр. Және жас қыз-келіншектерге дәрігерлер аурудың салдарын түсіндірсе дейді. Бастысы түсік жасаумен айналысатын медициналық мекемелерге заң жүзінде тыйым болуы қажет. Заңға бағынбаған клиникаларды, тіпті қыз-келіншектерді қылмыстық жауапқа тарту керек,- дейді депутат Жұматай Әлиев.

Жұматай Әлиев, Мәжіліс депутаты:

- Болашақта халқымыз көбейсін десек, біз абортты тоқтатуымыз керек. Мұны заңды түрде, заң қабылдап тоқтату керек. Абортты тоқтатамыз деп түрлі аборт жасайтындар көбейіп кетуі мүмкін. Бұған заң жағынан қылмыстық шараларды күшейту керек.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!