Қаражал түрмесіне сотталғандардың туыстары жиналып тұр

Фотография - Қаражал түрмесіне сотталғандардың туыстары жиналып тұр

Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесі алдында ондаған сотталушының туыстары жиналып тұр. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сотталушылардың бірінің туысы Анастасия Тулендиева хабарлады.

153 0

Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесі алдында ондаған сотталушының туыстары жиналып тұр. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сотталушылардың бірінің туысы Анастасия Тулендиева хабарлады.

Оның айтуынша, мекеме басшылығы қақпаны жауып алған, сотталушылардың туыстарын ішке жібермеген. Туыстары "қаза тапқандар да болуы мүмкін" деп болжап отыр.

- Туыстарымызды көрсетпейді, оларды ұрып соғып жатыр, дауыстары да естіледі. Кейбірін тіпті түнде ауруханаға әкетті. Олардың қандай халде екенін білмейміз, - дейді ол.

21 мамыр күні Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 30 сотталушы денелеріне жарақат салғаны хабарланған еді.

Азаттық тілшісі осы жағдайға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне хабарласқан. Комитет өкілі Ғалымжан Хасенов Азаттық тілшісіне «Ешкім қайтыс болған жоқ. Тіпті ешбір сотталушы ауруханаға жеткізілген жоқ. Бұл таза арандатушылық. Қазір колонияда жағдай қалыпты. Бәрі бақылауда» деді.

Сотталушылар туыстарының айтуынша, оларды мекеме басшысы қабылдамай қойған. Түрме аумағына енген автобуспен сотталушыларды тией бастаған. Сотталушылар туыстарының бір тобы облыстық прокуратураға барып,  жағдайды түсіндіруді талап етіп арыз жазған.

Олар қамаудағы туыстарын көрмейінше мекеме маңынан кетпейтінін айтқан.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!