Қазақстан ДСҰ-ға 2013 жылдың соңына дейін енуге ұмтылады

Фотография - Қазақстан ДСҰ-ға 2013 жылдың соңына дейін енуге ұмтылады

Бүгін Астанада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы Еуразиялық іскерлер конгресінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай мәлім етті

232 0

 Қазақстан ДСҰ-ға 2013 жылдың соңына дейін енуге ұмтылады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы Еуразиялық іскерлер конгресінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай мәлім етті.

«Келіссөздер жалғасуда. Жалпы алғанда егер біздің жүріп өткен жолдарымызға көз жүгіртетін болсақ, онда бар-жоғы 2-3 мәселе қалғанын көреміз. Дегенмен, бұл мәселелер біз үшін ортақ мәмілеге келе алмайтындай проблемалық емес, бұл жайында түсіністіктер баршылық. Сондықтан да, біздің ойымызша, алдағы жарты жылдықта біз осы келіссөздерді аяқтаймыз және келер жаңа жылға жаңа сапамен қадам басамыз», - деді вице-министр.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!