Н.Назарбаев «777» бастамасын мәлім етті

Фотография - Н.Назарбаев «777» бастамасын мәлім етті

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «үш жетілік» бастамасын мәлім етті.

99 0

 Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «үш жетілік» бастамасын мәлім етті.

«Бәріміз үшін ортақ міндеттерді атағым келеді. Мен оны «үш жетілік» бастамасы дер едім. Және де күш жұмылдырсақ, ол бастаманы бір жылда жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын», - деді Президент.

«Ең алдымен, Қазақстанға кем дегенде әлемді мойындатқан жеті ғалымды тарту. Бұл – Үкіметке беріліп отырған тапсырма. Екіншіден, жеті қазақстандық компания жоғары технологиялық тапсырыспен қамту. Үшіншіден, кем дегенде Қазақстанда ірі 7 инновациялық старт-ап ойлап табу. Шетелдік инвесторлар кеңесінің қауымдастығына Үкіметпен және арнайы жұмыс топтарымен бірлесе отырып, осы бастаманың жүзеге асырылуын қамтуды тапсырамын», - деді Президент.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!