AI Қазақстандағы адам құқықтары жайын сынады

Фотография - AI Қазақстандағы адам құқықтары жайын сынады

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы әлемнің 159 еліндегі адам құқықтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы есебін жариялады.

175 0

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы әлемнің 159 еліндегі адам құқықтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы есебін жариялады.

Биылғы есепте әлемдегі ондаған миллион босқын мен еңбек мигранттарының жай-күйіне ерекше көңіл бөлінген. Ұйым босқындар мен еңбек мигранттарын "қоғамда әлсіз қорғалған топ" деп санайды.

Ұйым есебінде Қазақстан билігінің шектен тыс азаптайтынын, сот процестерінің әділ өтпейтінін, адам құқықтарының аяққа тапталатынын және босқындардың экстрадицияланатынын келтірген.

Amnesty International билік 2011 жылдың мамыры мен жолтоқсанның соңына дейін мұнайшылардың наразылық акциялары мен ереуілдерін басып-жаншуда "шектен тыс" күш қолданғанын айтады. "Ереуілдерге қатысқан ондаған жұмысшы жұмыстан босатылды. Кәсіподақ мүшелері мен оппозиция белсенділері ұсталды. 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзенде наразылық танытушылар мен полиция арасындағы қақтығыста кем дегенде 16 адам қаза тапты" делінген ұйым есебінде. Баяндамада бұған қоса ереуілшілерге оқ атқан полицейлердің барлығы бірдей жазаланбағаны да көрсетілген. Жаңаөзендегі оқиғаға қатысушыларды, әсіресе Роза Төлетаеваны қинау оқиғалары болғанын және оларға қарсы сот процесінің әділ өтпегені де айтылады.

Ұйым сарапшылары есепте Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылып жатқанын, бірқатар тәуелсіз басылымдар мен оппозициялық тіркелмеген "Алға" партиясының жабылғанын да айтады. Сарапшылар ақпарат туралы заңға түзетулер енгізілуін "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деп санайды.

Құқық қорғаушылар Қазақстан халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамастан Қытай мен Өзбекстанға босқындарды күштеп қайтарғанын да айтады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!