Сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту

Фотография - Сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы Вена құжатының шеңберінде семинар өткізді

157 0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы Вена құжатының шеңберінде семинар өткізді. Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Хатшылығының Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер: ГФР, Франция, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия,және Түркменстан өкілдері жиналды. Сондай-ақ семинар жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштер Бас штабының, әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілері қатысты.

Семинарға қатысушыларды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Елші Наталья Зарудна және ЕҚЫҰ Қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталығының өкілі Ласло Сатмори құттықтады.

Семинар өткізудің негезгі мақсаты қатысушы мемлекеттермен халықаралық шартар мен келісімдер аясында Орталық Азия өңірінде өз әскери-саяси міндеттерін орындау практикасын жақсарту, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Қазақстандық тараптың күш-жігері Венедағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумда, верификациялық орталық бастықтарының кездесуінде, жыл сайынғы орындауды бағалау жөніндегі жиналыстарда әрқашан оң бағысын алып келеді.

Бұл семинар ҚазақстанЕҚЫҰ Форумына төрағалық еткен 2011 жылдың қараша айында негізгі әскери-саяси құралдың бірі болып саналатын Вена құжатын қайта қабылдау туралы шешім қабылданғанып, осы құжат жаңартылғаннан кейін екіші рет өткізіліп отыр.

Семинар барысында ЕҚЫҰ Хатшылығы, Беларусь Республикасы, Бундесвер верификациялық міндеттер жөніндегі орталығы, Француз верификация орталығы, Қазақстан Қорғаныс министрлігі Жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығы өкілдері тыңдаушыларға ЕҚЫҰ құрылу тарихы, ЕҚЫҰ Байланыс желісі, тікелей 2011 жылғы Вена құжаты туралы баяндап, өз елдеріндегі міндеттемелерді орындаудың ұлттық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар жұмысының соңында оған қатысушылар осындай кездесулерді өткізудің тек Орталық Азия өңірінде ғана емес, жалпы ЕҚЫҰ кеңістігінде сенім мен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!