Жоғарғы оқу орындарындағы әскери ғылым – кәсіби және әскери қасиеттерді қалыптастыру

Фотография - Жоғарғы оқу орындарындағы әскери ғылым – кәсіби және әскери қасиеттерді қалыптастыру

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында VI жыл сайынғы «Инженер-офицердің кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыру» ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді

220 0

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында VI жыл сайынғы «Инженер-офицердің кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыру» ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Оның жұмысына Қазақстанның басқа да жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен мамандары қатысты. Конференция барысында оған қатысушылар қазіргі заманда офицер кадрларын даярлаудың теориялық және қолданбалы талқылады.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы, философия ғылымдарының докторы, полковник Қайрат Садықов конференция тақырыбының өзектілігін ескере отырып, курсанттарда кәсіби және әскери қасиеттер қалыптастыру ел қорғаныс қабілетін қалыптастырудың басты факторы болып табылатындықтан бірінші дәрежелі маңызға ие екенін атап көрсетті.

Конференцияда 30-дан аса баяндамалар мен хабарлар тыңдалды. Оларда педагогиканың, әскери ғылым мен оқыту әдістемесін дамыту проблемалары, тәрбие, идеология, патриотизмді қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Әскери оқу орындарындағы оқытудың жай-күйі мен сапасын талқылауға, білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануғ, әскери оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісі мен оқу-материалдық базаны жетілдіруге үлкен көңіл бөлінді.

Сөзжарыстар барысында инженер карларын тиімді даярлау үшін әскери инженер мен курсанттың негізгі құралдары, пайдаланылатын технологиялары мен ақпараттық ортасы болашақ офицерді дайындау барысында айқын бейімделген болуы тиіс деп атап көрсетілді.

Сондай-ақ конференцияда жалпы техникалық және арнаулы пәндердіің кең ауқымын оқыту технологиясын жаңғырту жолдары талқыланды. Әскери білім беру жүйесі кәсіби біліктілігін одан әрі арттыруға қабілетті, әрі қарай оқып-үйренуге ынтасы зор офицер дайындауы тиіс.

Ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысының қорытындысы бойынша оған қатысушылар республика әртүрлі ведомстволары мен жоғарғы оқу орындары ғалымдарының осындай кездесулері біліктілігі жоғары офицер кадрларын даярлауға және әскери ғылымды дамытуға орасан зор пайдалы екені туралы пікір білдірді


Тегтер:

қарулы күштер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!