Қазақстанда теміржол билеттеріне «Жастар тарифы» енгізіледі

Фотография - Қазақстанда теміржол билеттеріне «Жастар тарифы» енгізіледі

 Бұл туралы «Жолаушылар Тасымалы» АҚ басқарма басшысы Ақболат Жағыпаров мәлімдеді. 

419 0

Қазақстанда теміржол билеттерін «Жастар тарифы» бойынша сату жеңілдіктері ұсынылады. Бұл туралы «Жолаушылар Тасымалы» АҚ басқарма басшысы Ақболат Жағыпаров мәлімдеді. 

«Компания тарапынан жолаушылардың қалауын ескеру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде «Жолаушылар Тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» вагонының «Гранд» және «Бизнес» типіне «Жастар тарифын» белгілеуді жоспарлап отыр»,-деді Жағыпаров.

Аталмыш тариф бойынша 15-25 жас аралығындағы жастарға билет бағасын 50 % жеңілдікпен сату қарастырылады.

Сондай-ақ, мамырдың 1 бастап жылдың соңына дейін Қазақстан аумағы, ТМД мен Балтия елдерінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектері пойыздарда ақысыз қатынай алады.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!