ДСҰ-ға біз үлкен үмітпен қарауымыз қажет

Фотография - ДСҰ-ға біз үлкен үмітпен қарауымыз қажет

Бұл туралы бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.

295 0

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне үлкен үмітпен қарауы қажет. Бұл туралы бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.

«Форумға әр түрлі елдерден өте беделді, жауапты қызметкерлер келіп отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласынан Канад ауыл шаруашылығы министрі, Америкадан бірнеше штаттың ауыл шаруашылығы министрлері, бұрын Беларусь мемлекеті ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген тұлғалар елімізге ат басын тіреді. Осы панельдік сессияда біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін Қазақстанның ауыл шаруашылығы жағдайы қандай болады, оған кіру шарттары қандай, ол біз үшін тиімді ме, әлде тиімсіз бе, оның бізге ұтымды тұстары қандай деген сынды мәселелер талқыланады. Аталған тақырып – бүгінгі таңда біздің қоғамымызда өте өзекті. Өйткені, бұл сауда ұйымна кіргеннен кейін біздің нарығымызды шетелдің тауарлары жаулайды, біздің тауар өндірушілеріміздің бәсекелестікке қабілеттілігі өте төмен, сырттан келген тауарларға төтеп бере алмаймыз деген қоғамда әртүрлі пікірлер бар. Соның барлығын біз бүгін талқылап, мәселенің басын ашуымыз керек», - деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, АЭФ шеңберінде өткізіліп жатқан панельдік сессия ДСҰ-ның ауыл шаруашылығы саласы бойынша шарттарын талқылауға бағытталып отыр.

«Сауда ұйымына кіру үдерісі туралы сөз еткенде, оның тиімсіз шарттарын ғана айтуға болмайды. Оның біз үшін тиімді тұстары бар. Біздің азық-түлікпен қамтамасыз ету әлеуетіміз халқымызды асыраудан әлдеқайда жоғары. Сондықтан, біз үшін ішкі нарықты сақтап қалу ғана емес, экспортқа жол ашу үлкен қажеттілік болып отыр. Сол себептен, біз сауда ұйымына тек қана қорқынышпен ғана емес, оған үлкен үмітпен қарауымыз керек», - деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін VІ Астана экономикалық форумы барысында «Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік ету жағдайындағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің даму болашағы» тақырыбында панельдік сессия өтуде. Сессияны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ұйымдастырып отыр. Оған ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, ДСҰ бас директорының орынбасары Алехандро Хара, РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Илья Шестаков, Канада Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен министрі Джери Ритц қатысуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!