БҰҰ Бас хатшысы жаңа әлем құру үшін АЭФ-ті көмекке шақырды

Фотография - БҰҰ Бас хатшысы жаңа әлем құру үшін АЭФ-ті көмекке шақырды

БҰҰ Бас хатшысының үндеуі бүгін АЭФ-тің ашылуы кезінде оның орынбасары У.Хунбо оқыды.

196 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун әлем қауымдастығына VI Астана Экономикалық форумын жаңа әлемді құратын алаң ретінде пайдалануды ұсынды. БҰҰ Бас хатшысының үндеуі бүгін АЭФ-тің ашылуы кезінде оның орынбасары У.Хунбо оқыды.

«Сіздер ұзаққа созылған қаржы дағдарысы кезінде жиналып отырсыздар. Жұмыссыздық, әлеуметтік теңсіздік, әлсіз банктер экономиканың тұрақты өсуіне қауіп төндіруде» деді Пан Ги Мун.

Оның айтуынша, әлем қауымдастығы экономиканың қалпына келуі үшін және тұрақты жұмыс орындарының ашылуы үшін жаңа шаралар қолдану керек. Әсіресе әйелдер мен жастар жұмыспен қамтылуы тиіс деді Бас хатшы.

«Кедейшілікпен күреске бағытталған ең ірі және сәтті жобаның жүзеге асуына мың күннен аз уақыт қалды. Қазіргі таңда мемлекеттер үшін нағыз осы дамудың жолындағы тапсырмаларды орындайтын сәті туып тұр. Мен сіздерден Астана Экономикалық форумын біздің өзіміз қалаған жаңа әлемді құру үшін пайдалануға шақырамын. Кездесулеріңіз жемісті болсын» деп үндеуін қорытындылаған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!