Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында күн күркіреп, жауын жауады

Фотография - Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында күн күркіреп, жауын жауады

Түнде кейбір аймақтарда жел соғып, тұман түседі деп күтілуде

135 0

Бүгін Қазақстанның солтүстігі мен батысында антициклон әсерінен бірнеше күн бойы жауған жаңбыр толастайды. Түнде кейбір аймақтарда жел соғып, тұман түседі деп күтілуде.

Ал, елдің оңтүстігі мен шығыс облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшеймек.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Найзағай ойнап, күн күркірейді. Ақмола мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарының біраз бөлігінде таңертең тұман түседі деп күтілуде. Қостанайда найзағай ойнайды. Ал, Маңғыстау өңірінде соққан желдің күші секундына 15-20 метрег дейін жетпек.

Сонымен қатар, еліміздің батысы мен оңтүстік аймақтарында ауа-райының ыстық болуынан дала өрті қаупі бар.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!