Арқанкергенде қаза тапқан шекарашыларға ескерткіш ашылады

Фотография - Арқанкергенде қаза тапқан шекарашыларға ескерткіш ашылады

деп хабарлайды Алакөл ауданының әкімдігі

371 0

29 мамырда Алакөл ауданы Үшарала қаласының былтыр мамыр айында 14 шекарашы мен аң шаруашылығының қорықшысы қаза тапқан «Арқанкерген» заставасында, қаза тапқан шекарашылардың құрметіне ескерткіш ашылады, деп хабарлайды Алакөл ауданының әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауына қарағанда, ескерткіш қоюға қаржыны барлық жақтан, ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілері арасында және республика тұрғындарынан жиналған.

«Мемориал биіктігі 1,7 м қара тас, онда: «Жауынгерлік борышын орындау барысында қаза тапқан шекарашыларға арналады» деген жазу қашап жазылған, қасында 1,8 м бағана орнатылған», — деп хабарлайды әкімдік.

Ескерткіштің ашылуына қаза тапқан шекарашылардың ата-аналары да келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінде шекара жасағы қосынының өртенген ғимаратын тапқан. Оқиға орнында 12 шекарашы мен мен бекетке жақын маңайдан орман қорықшысының мәйіті табылды. Жұма күні тағы екі адамның мәйіті табылған.  Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы – Владислав Челах ұсталды. Кейіннен Бас прокуратура Владислав Челахтың 15 адам өлтіргенін және бекетті өртегіненін мойындады деп хабарлады.Сот Челахты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!