Министрлер емтихан тапсырғанда «шпаргалка» қолданған ба?

Фотография - Министрлер емтихан тапсырғанда «шпаргалка» қолданған ба?

Ал кешегі оқушы, бүгінгі министр болып қызмет етіп жүрген тұлғаларымыз емтиханды қалай тапсырды?

444 0

Кезекті оқу жылы да аяқталды. Мектеп түлектерінің бүгінде басты арман-мақсаты – жоғары оқу орнының студенті атану үшін емтиханды ойдағыдай тапсырып, жоғары ұпай жинау. Бұл мақсатта талапкерлер түрлі «шпаргалкалар» жасап, ұялы телефон сынды ақпараттық технологияларды қолдана отырып, түрлі айла-амалдарға барып жатады. Ал кешегі оқушы, бүгінгі министр болып қызмет етіп жүрген тұлғаларымыз емтиханды қалай тапсырды?

«Мен мектепте де, университетте де сабақты жақсы оқыдым. Сондықтан әдетте «шпаргалкаларды» қолданбайтынмын. Қалай болғанда да емтиханда сенімділігімді арттыру үшін белгілі бір формулалар бойынша «шпаргалка»  жасап алатынмын. Тұрақты түрде қолдандым деп айта алмаймын», - деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев емтихан кезінде «шпаргалкадан» гөрі, көбірек өз біліміне сенім артуға тырысқанын айтты. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов болса, ара-тұра қолданғанын жасырмады.

«Шпаргалканы»  өзіммен бірге емтиханға алып кірген уақыттарым болды. Нақты қандай пәндер бойынша жасағаным есімде жоқ, бірақ қалтама жасырып емтиханға өзіммен бірге алып кіретінмін. Мектепте «шпаргалка» қолданған емеспін, тек жоғарғы оқу орнында білім алып жүргенде жасадым», - деді Әбденов.

Мектепте оқу озаты болғандығын айтқан Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко «Қолданбадым. Маған «шпаргалканың» қажеті неде?», - деп қысқа қайырды ол.

Ал, Әділет министрі Берік Имашев болса шпаргалка жасауға ерінетінмін дейді.

«Мен мектепте екіліктерге оқыдым, шынымды айтсам шпаргалка жасаған жоқпын. Оны жасап жатуға ерінетінмін, әрі білмейтінмін», - деп қалжыңдасты ол.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: «Мүлдем шпаргалка қолданбадым десем өтірік болар, бірақ мектепте оқып жүргенде қолданбағаным рас. Себебі, мектепте емтихандар мен үшін қиын болған жоқ. Ал, университетте жүргенде қолданған кездерім болды», - деді А.Мамытбеков.

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф шпаргалка қолдануды жөн көрмегенін жеткізді. «Емтиханды жақсы тапсыру үшін кітаптан бас алмай дайындалдым» деп жауап қатты бізге ол.

«Ондай жайттар болған. Біз қағаз шпаргалкаларды дайындайтынбыз, бірақ оны қоданудың сәті түсе бермейтін. Мұғалімдеріміз өте қатал болды», - дейді Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!