Астана еліміздегі экономикалық жаңғырудың локомотиві бола алатын барлық алғышарттарға ие - С. Ахметов

Фотография - Астана еліміздегі экономикалық жаңғырудың локомотиві бола алатын барлық алғышарттарға ие - С. Ахметов

Астана еліміздегі экономикалық жаңғырудың локомотиві бола алатын барлық алғышарттарға ие. Бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан «Астана Инвест-2013» ІV Халықаралық инвестициялық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.

243 0

Астана еліміздегі экономикалық жаңғырудың локомотиві бола алатын барлық алғышарттарға ие.

Бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан «Астана Инвест-2013» ІV Халықаралық инвестициялық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Еуразия кіндігінде ыңғайлы географиялық аумақта орналасқан Астана ауқымды коммуникациялық мүмкіндіктерді онан сайын арттыру әлеуетіне ие.  Бас қала еліміздің орталығына көшірілгелі бері ондағы халық саны 3 есеге артты және бүгінгі таңда 700 мыңнан асты. Осының өзі Астананың демографиялық, тұтынушылық әлеуетінің ауқымы зор екенін білдіреді. Сондықтан да, елорданың экономикалық мүмкіндіктерін барынша пайдалану маңызды. Жалпы алғанда Астана экономикалық жаңғыру, еліміздегі ең озық технологиялар енгізудің локомотиві бола алатын барлық алғышарттарға ие», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, соңғы жылдары елімізде іскер ортаны жақсартуға қатысты маңызды қадамдар жасалды. Кәсіпкерлікті қолдау мен жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыруға барынша мән берілді.

«Оның ішінде, бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін жағымды фискалды шарттар қалыптасты. Рұқсат беру жүйелері жүйеленіп, оңтайландырылды. Биылғы жылы салықтық әкімшілендірудің нақты қадамдары жасалды», - деді С. Ахметов.  


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!