Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын жаңа агенттік құрылады

Фотография - Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын жаңа агенттік құрылады

 Бұл туралы Мәжілісте «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру бойынша жасаған баяндамасында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

181 0

Қазақстанда ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғайтын агенттік құрылады. Бұл туралы Мәжілісте «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру бойынша жасаған баяндамасында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Сәйкес Жарлық мемлекеттік органдардың келісімінен өтуде. Ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғайтын агенттік құру тапсырмасын ішкі нарықтағы азық-түлік тауарлары мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы беріп отыр. Агенттікке әзірге «Қазтұтынуқадағалау» деген атау беріп отырмыз, себебі осы құрылымның басты міндеті тұтынушылардың құқығын қорғау болмақ. Ол жақын арада құрылуы мүмкін, алдағы уақытта дәл осы ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғаумен айналысатын жеке агенттік құрылады деп ойлаймын. Енді бұл мәселені шешу тек қоғамдық ұйымдардың қызметімен шектеліп қалмайды», - деді Ерболат Досаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!