Қазақстанда Алматыда теңіз академиясы ашылды

Фотография - Қазақстанда Алматыда теңіз академиясы ашылды

Академияны құру жобасына «Теңізшевройл» ЖШС 25 миллион АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.

238 0

 Мамыр айының 24 күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын Қазақ-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) Қазақстан теңіз академиясының (ҚТА) ашылу салтанаты болды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.


ҚР Президенті тапсырмасы бойынша және Үкімет қаулысына сәйкес мұндай академия құру Қазақстан үшін тарихи оқиға болып табылады. Отандық мұнайгаз саласын дамыту қазіргі таңда тиімді теңіз тасымалы жүйесін құру қажеттігіне негіз болады. Жыл сайын Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдаудың қарқыны арта түсуде. Бұл теңіз тасымалын экономиканың маңызды перспективалық секторының біріне айналдыруда.


Мұнымен бірге республикада кәсіби теңізшілер жетіспейтін проблема шиеленісе түсуде. Міне, осы мәселені Қазақстан теңіз академиясы шешетін болады.


Қазақстан-Британ техникалық Университеті өзінің базасында жаңа академия құруға неғұрлым толыққанды жауап бере алады. ҚБТУ халықаралық аккредитациясы, әлемдегі түрлі университеттермен әріптестік байланысы, пәндік сабақтарды ағылшын тілінде жүргізуге мүмкіндігі, инженерлік-механикалық жабдықтары және барлық қажетті инфрақұрылымы бар Қазақстандағы жетекші техникалық жоғары оқу орны саналады.


Қазақстан теңіз академиясының ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасы 4 жылға есептелген. Оқу мерзімі аяқталғанда кадеттер ҚБТУ ғылымының бакалавриаты дәрежесін және дүние жүзі бойынша жүзіп шығатын кез келген жүк кемесінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кәсіби диплом алады. Академия түлектерінің бір артықшылығы - тұрақты жоғары ақылы жұмыс пен карьералық өсу кепілдігі.

ҚТА қызметі арқылы Қазақстан мемлекетке неғұрлым пайда келтіру мақсатында Каспий секторын дамыту міндеттерін табысты шеше алады және Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) «Ақ тізіміне» ену мүмкіндігі бар.


Академияны құру жобасына «Теңізшевройл» ЖШС 25 миллион АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.


«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!