Хайнаньда демалушылар саны жағынан қазақстандықтар екінші орында тұр

Фотография - Хайнаньда демалушылар саны жағынан қазақстандықтар екінші орында тұр

Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерінше, 2012 жылы Қытайдың түстігіндегі курортты Хайнань аралына 30 мыңнан астам қазақстандық туристер келіп қайтыпты.

290 0

Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерінше, 2012 жылы Қытайдың түстігіндегі курортты Хайнань аралына 30 мыңнан астам қазақстандық туристер келіп қайтыпты.

Бұл жағынан келгенде, Қазақстан азаматтары алдарына тек Ресей сапаршыларын ғана салатын болып шықты. Ал осы аралдың оңтүстік бөлігінде орналасқан бас қаласы – Саньяның турзимді дамыту жөніндегі комитетінің ақпараты бойынша, курортқа келушілердің басым бөлігін әлі де қытайлықтар алатынға ұқсайды. Мұнда демалуға келетін шетелдік туристердің үлесі әзірге бар-жоғы 4 пайызды ғана құрайды. Мұның өзі осында жылына келетін 11 млн. адамның 500 мыңы шетелдік саяхатшылар деген сөз. Міне, осы жарты миллион адамның 190 мыңы Ресейден, 30 мыңы Қазақстаннан келсе, Сингапур, АҚШ және Жапония сынды елдердің әрбірінен 10 мың жиналады екен.

Қазір Қытай билігі ТМД елдерінен келетін туристердің тасқыны бірте-бірте күрт көбейе береді деген үмітке иек артып отыр. Бұған олар Саньяда қызмет көрсетуші персоналы орыс тілінде сөйлей алатын мейманханалардың көптеп қатарға қосылып жатқанын да бір себеп ретінде алға тартады.

Бұдан бұрын Қазақстан-Қытай шекарасында екі туристік бағыттың ашылатыны туралы да хабар таратылған болатын. Енді туристерге Бақты және Қорғас бақылау-өткізу бекеттеріне жақын жердегі шекаралас аудандардағы қалаларға келіп қайту да ұсынылып жатыр.

Мұрат Айтқожа. 


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!