ЭКСПО-2017 ауқымында «Жасыл орам» құрылысы үшін 100 гектар жер бөлінеді

Фотография - ЭКСПО-2017 ауқымында «Жасыл орам» құрылысы үшін 100 гектар жер бөлінеді

деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайты.

202 0

Астанада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовке ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясындағы «Жасыл орам» құрылысының жобалары таныстырылды, деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайты.

Арнайы комиссия «Жасыл орам» құрылысы жобасының Тұжырымдамасы мен алдын ала техникалық экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасау бойынша Халықаралық байқау өткізуде.

Дауыс беру қортындысы бойынша жеңімпазды одан әрі қарау мен анықтау үшін Ұлыбритания, Франция, Португалия, Германия және Қазақстанның компанияларынан 5 жоба іріктеліп алынды.

Бүгінгі күні 100 гектардан астам жер телімін бөлу туралы мәселе қаралуда.

«Жасыл орам» аумағында энергия тиімділігі саласында оны арттыруға қатысты соңғы үлгілер қолданылған әкімшілік-іскерлік орталық, тұрғын үй орамдары, саябақтар мен әлеуметтік-мәдени нысандарды орналастыру көзделуде. Сонымен қатар, «Жасыл орам» электр қуатын Ерейментау қаласында орналасқан желден энергия өндіретін генераторлардан, сондай-ақ күн фермаларынан алатын болады.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!