БҚО әкімі өз табысын жария етті

Фотография - БҚО әкімі өз табысын жария етті

«Нұр Отан» ХДП бастамасына орай «Өзіңнен баста!» шарасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз табысын жария етті.

138 0

«Нұр Отан» ХДП бастамасына орай «Өзіңнен баста!» шарасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз табысын жария етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс басшысының отбасына ай сайын табыс ретінде 461 мың теңге кіреді. Әкім қызметтік үйде тұрады.

Сондай-ақ БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Бекқайырдың табысы да белгілі болды. Оның 2013 жылдың бес айындағы кірісі 1323977 теңгені құрайды. Айлық жалақысы - 186424 теңге. Қалада жеке үйі бар, басқалай жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі жоқ.

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мерген Магутовтың жыл басынан бергі алған таза жалақысы (салықсыз) - 747572 теңге. Бір айлық еңбекақысы - 149979 теңге. Жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі жоқ.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!