Алматыдан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтіледі

Фотография - Алматыдан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтіледі

 Бұл туралы ҚР ТЖМ «Рамета» РМК «Риверс» ММРК филиалы директоры Тұрсын Чуленов хабарлады

243 0

Ертең Алматыдан Ауғанстанға 5 вагон күнбағыс майы жөнелтіледі. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Рамета» РМК «Риверс» ММРК филиалы директоры Тұрсын Чуленов хабарлады.

«Ауғанстан ислам республикасына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде Үкіметтің қаулысы бар. Қазақстанның бүкіл аймағынан азық-түліктер жіберіледі. Ертең Алматыдан 160 мың литр күнбағыс майы бар бес вагон аттанады, ал Қарағанды ұнмен көмектеседі»,-деді ол.

Филиал директорының сөзіне қарағанда, қазір төрт вагонға жүк тиеу аяқталған. «Ертең бесінші вагонға жүк тиелген соң жөнелтеміз»,-деді ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!