Шымкентте жаңа қала әкімі қызметіне кірісті

Фотография - Шымкентте жаңа қала әкімі қызметіне кірісті

Шымкентте қаланың жәңа әкімі қызметіне кірісті. Оңтүстік Қазақстан облыс орталығын Дархан Сатыбалды басқарды.

140 0

Шымкентте қаланың жәңа әкімі қызметіне кірісті. Оңтүстік Қазақстан облыс орталығын Дархан Сатыбалды басқарды.

Шымкент қаласының жаңа әкімін қала басшылығына және депутаттарға ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов таныстырды. Мәслихат сессиясында халық қалаулылары қала басшысы қызметіне ұсынылған кандидатураны тағайындауға бірауыздан дауыс берді. Ал оның алдында ОҚО облыс орталығының әкім міндетін атқарған Қайрат Молдасейітов денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен бас тартты.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Қаржы министрлігінде бас маман, бас ревизор, Президент Әкімшілігінде қаржы қадағалау саласының жетекшісі қызметтерін атқарып, ҚР Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілендіру комитетінде жұмыс жасаған, ҰҚК департаментін басқарып, ҚР Премьер-министрі кеңесі бөлім жетекшісінің орынбасары міндетін атқарған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!