Алтын айыратын фабрика іске қосылмақ

Фотография - Алтын айыратын фабрика іске қосылмақ

«Алтыналмас» алтын компаниясы алдағы 3-4 жылда Жамбыл мен Қарағанды облыстарындағы кеніштердегі алтын өндірісін 200 мың унцияға жеткізбек.

128 0

«Алтыналмас» алтын компаниясы алдағы 3-4 жылда Жамбыл мен Қарағанды облыстарындағы кеніштердегі алтын өндірісін 200 мың унцияға жеткізбек.

Оның 120 мыңы Жамбыл облысындағы Ақбақай, 80 мыңы Қарағанды облысындағы «Пустынное» кен орнында өндірілетін болады. Бұл туралы «Алтыналмас» алтын компаниясы» АҚ Ақбақай филиалының директоры Марат Аусабаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ақбақай алтын айыру фабрикасы биыл алтын өндіруді 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайтпақ. Ал келесі жылы оны биылғы көрсеткіштен 20-30 пайызға арттырмақ. Мәселен онда 2011 жылы - 20 мың, 2012 жылы - 35 мың унция алтын өндірілген еді. 2015 жылы ол 120 мың унцияға жеткізілгелі отыр.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!