ҰҚШҰ қорғаныс министрлері келісім жасасты

Фотография - ҰҚШҰ қорғаныс министрлері келісім жасасты

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс министрлері қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

299 0

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс министрлері қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ұйымға мүше Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения және Тәжікстанның қорғаныс министрлері бірлескен әскери жаттығулар өткізу, қарулану туралы келісім жасасқан.

Қырғызстан қорғаныс министрі, ұйымның қазіргі төрағасы Талайбек Өмірәлиев Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылғаннан кейін ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейту шаралары қарастырылып жатқанын айтады.

Өмірәлиев бұған қоса Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен жеке кездесіп, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бұған дейін 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылғаннан соң "Манаста" әскери нысан болмайтыны туралы бірнеше рет айтқан.


Тегтер:

қарулы күштер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!