АҚШ елшілігі: Қазақстандықтарға виза беру талабы өзгермеді

Фотография - АҚШ елшілігі: Қазақстандықтарға виза беру талабы өзгермеді

Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады

221 0

АҚШ елшілігі қазақстан студенттеріне виза беруден бас тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

"АҚШ-тың Астанадағы елшілігі немесе Алматыдағы бас консулдығы қазақстандық бір топ студентке ешқандай әңгіме-сұхбат өткізбей-ақ виза беруден бас тартты деген ақпарат жалған" деген елшіліктің баспасөз қызметінен.

Елшілік бұған қоса Қазақстан азаматтарына америкалық виза алуы үшін қойылатын талаптар өзгермегенін айтқан.

Өткен аптада ақпарат құралдарында қарағандылық 40-қа жуық студентке АҚШ мемлекеттік департаменті "Work and travel" бағдарламасы бойынша Құрама Штаттарға  виза бермей қойғаны туралы хабарланған еді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!