Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар

Фотография - Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар

Бұл конференция тау-шаңғы туризмі саласы бойынша Еуропадан тысқары елде өткізілгелі отырған алғашқы жиын.

281 0

Алматыға еліміздің туристік әлеуетін дамытуға және Қазақстанның туристік бағыт ретінде танымалдығын арттыруға бағытталған бастамаларын белсенді етуге жәрдемдесу мақсатында Бүкіләлемдік туристік ұйымының атқарушы директоры Фредерик Пиерред келді.

Лауазымды қонақ жәй келмей, Алматы қаласы туризм бас­­қар­­­­масымен 2013 жылдың 8-9 қазанында Қазақстанда «Еура­зиялық тау-шаңғы курорттары» атты халықаралық конференцияны өткізу жөніндегі өзара келісім туралы меморандумға қол қойды.

Бұл конференция тау-шаңғы туризмі саласы бойынша Еуропадан тысқары елде өткізілгелі отырған алғашқы жиын.

Өйткені, БҰҰБТҰ келешекте Алматыны  тау-шаңғы туризмінің көшбасшысына айналатындығына иек артады. Сондықтан да Фре­дерик Пиерред Қазақстанға осынау маңызды құжатқа қол қою үшін де арнайы келіп отыр. Оған қоса ол Шымбұлақ тау-шаңғы курортымен танысып, қаладағы туризм басқармасының басшыларымен кездесіп, кеңеседі.

Не десек те, Бүкіләлемдік туристік ұйым басшыларының Алматыға арнайы атбасын бұруы – жақсылықтың нышаны. Өйткені, қазіргі әлемдік туристік картада туристерді қызықтыратын жа­ңа нүктелер пайда болуда. Яғни туристік рынокқа қосылып жатқан  ойыншылардың қатарында Қазақ­стан да бар.

Сонымен оңтүстік астанада аз-кем аялдаған Фредерик Пиерред алдымен БАҚ өкілдерімен кездесіп, бұл іссапарынын мән-жайымен бөлісті. Ол журналистердің көкей­­­кесті тақырыпқа қатысты барлық сауалдарына егжей-тегжейлі жауап бере келе:

– Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар. Туризмді үш мәселе алға сүйрей алады, бірінші – оны дамытуға  сая­си деңгейдегі басқару мен қолдау қажет, екінші – туристік өнімдер болуы шарт, үшінші – бұл сала насихат пен маркетинг жүргізіп отыруды қалайды. Меніңше, Қазақстаннан осы үшеуі де табылады. Оның үстіне Шығыс пен Батысты жалғап жатқан Қазақстан туристік тұрғыдан алғанда қолайлы географиялық ендікте орналасқан, – деді.

Алматы қаласы 2012 жылдан бері осы ірі әрі беделді БҰҰБТҰ  мүшесі болып табылады. Өз кезегінде қалалық туризм басқармасының басшысы Бақытжан Жоламанов аталмыш ұйыммен ынтымақтастық сәтімен жүріп жатқанын жеткізді. Пиерред мырзаның  бұл сапары бізге шетелдік туристерді қабылдау үшін ішкіқұрылымды мінсіз әзірлеуге септігі тиері сөзсіз деді.

Қазан айына жоспарланып отырған Еуроазиялық конференция Қазақстанның БҰҰБТҰ құрамына кіруіне 20 жыл толуына орайлас келмек. 300-ге тарта туризм саласының мамандары қатысады деп күтіліп отырған конференция – еліміздің тау-шаңғысы туризмі саласындағы алғашқы халықаралық іс-шара болмақ.


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!