Мүмкіндігі шектеулі жандардың 68 пайызы еңбекке қабілетті жастар

Фотография - Мүмкіндігі шектеулі жандардың 68 пайызы еңбекке қабілетті жастар

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты

298 0

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 68 пайызы еңбекке қабілетті жастар. 

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты.

«Мүгедектерді жұмыспен қамтуда жәрдемдесудің тиімді шарасы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы болып саналады. Оның аясында 1049 адам жұмысқа тартылды»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, мемлекеттік сатып алулар жүйесіндегі қолданыстағы преференция мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктер өндірісінің көлемін төмендетпеуге, жұмыс орындарын сақтауға және мүгедектігі бойынша алатын әлеуметтік  жәрдемақысына қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары жұмыспен қамтылған мүгедектердің саны 50 мың адамды немесе еңбекке қабілетті жастағылардың 12 пайызын құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!