Астана тұрғынының саны 780 мыңнан асты

Фотография - Астана тұрғынының саны 780 мыңнан асты

Астана тұрғындарының саны 2013 жылдың 1 сәуірінде 785 мың  адам болды

178 0

Астана тұрғындарының саны 2013 жылдың 1 сәуірінде 785 мың  адам болды деп хабарлайды елорданың ресми сайты  қалалық статистика басқармасына сілтеме жасап.


«Астана тұрғынының саны 2013 жылдың 1 сәуірінде 785716 адам болды. Оның ішінде Алматы ауданында –363990 (46,3%) Есіл ауданында –105170 (13,4%), Сарыарқа ауданында – 316556 (40,3%) адам тұрады», -делінген хавбарламада.

2013 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда елорда тұрғынының саны 7476 адамға өскен. Бір атап көрсетерлігі, үш айда Астанада халықтың табиғи өсімі – 4092 адам, көші-қон өсімі - 3384 адам болды.

«2013 жылдың қаңтар- наурыз айларында Астана қаласында дүниеге келген 4978 сәби тіркелсе, бұл өткен жылдан 10,4% өскенін айқындайды»,-деп атап көрсетілген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!