"Жаңаөзен ісімен" сотталған 6 адам "шартты жаза" алды

Фотография - "Жаңаөзен ісімен" сотталған 6 адам "шартты жаза" алды

деп хабарлайды сотталушылардың адвокаты  Гүлнәр Жуасбаева. Жоғарғы сот бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған 14 адамның үкімін қайта қараған еді.

242 0

Жоғарғы сот Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған алты адамның үкімін шартты жазаға ауыстырды деп хабарлайды сотталушылардың адвокаты  Гүлнәр Жуасбаева. Жоғарғы сот бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған 14 адамның үкімін қайта қараған еді.

Телефон арқылы әңгімесінде адвокат сот үш жылға дейінгі мерзімге сотталған алты адамның жазасын шартты жазаға ауыстыру туралы үкім шығарғанын айтады. Жаза түрі ауыстырылғандар - Жарас Бесмағамбетов, Бауыржан Непес, Нұрлан Асқарұлы, Мұрат Қосбармақов, Қайрат Әділов, Марат Әминов.

Сот қалған сегіз адамның үкімін өзгеріссіз қалдырған.

Жуасбаева алты адамға қатысты сот үкімі күшіне енгенін айтады.

2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен қаласында полиция ереуілге шыққан азаматтарға оқ атып, оқиға кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тапты, жүзден аса адам жараланды. Олардың кейбірі мүгедек болып қалды.

Жаңаөзендегі оқиғалар бойынша айыпты деп танылған 37 адамға сот үкімі 2012 жылдың маусым айында шығарылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!