Павлодар әкімі қанша жалақы алатынын жария етті

Фотография - Павлодар әкімі қанша жалақы алатынын жария етті

 Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында қанша жалақы алатынын, қандай мүлкі бар екенін жария етті

166 0

 Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында қанша жалақы алатынын, қандай мүлкі бар екенін жария етті, деп хабарлайды  қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың орташа айлық жалақысы 387 мың 667 теңгені құрайды. Сонымен қатар қала басшысының Павлодарда 5 бөлмелі үйі бар. Оның басқа жылжымайтын және жылжитын мүлкі жоқ.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Шегеновтың орташа айлық табысы 154 мың теңгені құрайды. Оның атына 3 бөлмелі пәтер, тұрғын үй және 2004 жылы шыққан LEXUS-470 автокөлігі тіркелген.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Ержан Иманслям айына 174 мың теңге жалақы алады. Өзінің меншігінде Павлодар қаласында 1 бөлмелі, әйелінің атында 2 бөлмелі пәтер бар.

Қала әкімінің орынбасары Дархан Дәуітовтың орташа айлық табысы 130 мың теңгені құрайды. Оның Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтер бар екен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!