Қылмыстың 93 пайызы заңсыз айналымда жүрген қарумен жасалған

Фотография - Қылмыстың 93 пайызы заңсыз айналымда жүрген қарумен жасалған

Соңғы бес жылда атыс қаруын қолданумен байланысты болған 2 382 қылмыстың 93 пайызы айналымға заңсыз енген қарулармен жасалған

180 0

Соңғы бес жылда атыс қаруын қолданумен байланысты болған 2 382 қылмыстың 93 пайызы айналымға заңсыз енген қарулармен жасалған. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Прокуратураның Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды.

«Қолға алынған шараларға қарамастан, қару айналымындағы түйткілдер азаймай отыр. Атыс қаруын қолдана отырып жасаған қылмыс саны азаймаған. Соңғы бес жылда атыс қаруымен жасалған 2 328 қылмыстың 93 пайызында айналымға заңсыз енген қарулар қолданылыпты»,- деді отырыс барысында Асхат Дауылбаев.

Оның айтуынша, травматикалық қаруды қолданып жасалатын қылмыстардың саны 8 есеге артқан. Осы жылдың басынан бері травматикалық қару қолданылған 139 қылмыс тіркеліпті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!