Биыл саяқ шегiрткелер 578 мың гектарға таралуы мүмкiн

Фотография - Биыл саяқ шегiрткелер 578 мың гектарға таралуы мүмкiн

Мұндай болжамды бүгiнгі баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов жасады

167 0

2013 жылы саяқ шегiрткелер республика бойынша 578 мың гектар аумаққа таралуы мүмкiн. Мұндай болжамды бүгiнгі баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов жасады.

«Саяқ шегiрткелермен күрес мәселесi бүгiнде өзектiлiгiн жоймай отыр. Биыл мұндай шегірткелер республика бойынша 578 мың гектар аумаққа таралады деген болжам жасалуда», - дедi С.Хасенов.

АШМ баспасөз қызметiнiң мәліметінше, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары бойынша 67 мың гектар жер өңделiп бiткен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!